Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
246
Сүргін жолда сүріндім...
Сүргін жолда сүріндім,
Алдады арман бекер.
Мен де қырық құбылдым,
Құбылып жалған да өтер.
Қу құлқынның құлы боп,
Мен кімге құрық салдым.
Жаны ашыған бірі жоқ,
Құдайын ұмытқан кім?..
Күмəнді ойға қамалғам,
Күнəмді істеп алып.
Жабырқаулы жан-Аллам,
Жатады іште налып.
Жынды өмірді сендіріп,
Тойғанда жынды суға.
Жынды көбелек боп жүріп,
Талпындым гүл құшуға.
Сүргін көрдім, сүріндім,
Азаппен аз ғұмырда.
Біліп, білмей бүліндім,
Асықпа, жазғыруға!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter