Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
212
«Отпен ойнап жүрсің...» деп...
«Отпен ойнап жүрсің...» деп,
наз қылдың ба,
Жоқ, əлде, шыныменен жазғырдың ба?
Уақыт түгіл, ол жақта мұршаңда жоқ,
Отпен ойнап алмасаң аз күн мұнда.
«Ойнама отпен...» деп,тағы сөктің бе,
сен,
Қанатың күйеді ғой, көп тілдесең!
...Отпен емес, ойнап жүр, от менімен
Сенбейсіңдер, мен өзім –
«Отпын!» десем?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter