Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  134


Автор: Бақыт Беделханұлы

Кіндігімнен тас боп жерге байландым...

Кіндігімнен тас боп жерге байландым,
Жүрегімнен аспан иісі аңқып тұр!
Жан жарығым жасыл қанат жайған күн,
Шыр айналам дүниені шалқып бір...
Айтылмайтын арман менен көктегі,
Көрінбейтін Тəңір сынды нұрды аңсап.
Ғұмыр кешу – əз басыңның көктемі,
Бұл дүние тұмаданып тұрған сəт.
Арманыңның айтылғаны – өлгені,
Тірілтем деп тірлігің де таусылар.
Сыңар аққу сияқтанған көлдегі,
Көңіліңе сонда мұңлы əн сыңар.
Əн өлсе егер, мəн қалмайды-ау, құр
мұңнан,
Шырқағанға не жетеді шалқып бір.
Мəңгілікті – мəнді құтты жыр қылған,
Жүрегімнен аспан иісі аңқып тұр!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу