Өлеңдер ✍️
Періште жырға бас иіп пір тұтқан ақын...
Періште жырға бас иіп пір тұтқан ақын,
Жүректің жамап, жаңартар жыртық
қабатын.
Көңілдің көзі мөлтілдеп жасқа булықса,
Серпіліп сезім сол кезде кірпік қағатын.
Арманым ұшса сол сəтте сілкіп қанатын,
Мергеннің қолы тұрады мылтыққа
жақын.
Пір тұтқан ақын ұлыны ұжмақтан іздер,
Тарихқа таңба кешегі зіл-батпан іздер.
Қобыз боп терең күңіреніп,
күрсініп шықтық,
Бұлбұл боп сайрап келсек те гүл-баққа
біздер.
Жан-айқайынан өзінің өзі шошиды,
Шырмауда жатқан шыға алмай жұмбақ
тəрізді ел.
Заманның жүгі теңселмей баратқанда
ауып,
Ит – өмір қоса жармасар балақтан
қауып.
Өмірдің қара дауылы ұйытқып соқса,
Қара сор-нөсер тұрады қабақтан жауып.
Мыңқ етпес тұрған мелшиіп мұңдыда
бəз күн.
Есімді аудырған есалаң, жынжыдан
аздым.
Құдайды да алдар пенделер қуыс
кеуде боп,
Құлы боп кеткен құнсыздар құнды
қағаздың.
Өмірдің өртеп өзекті от-жалын лебі.
Арманның қанша қаңғыған оққа ілінгені.
Ажал жүреді шайтанның құлағында
ойнап,
Ұмтылып келіп жүргендей көкпар ілгелі.
Сапалағынан сайтанның сақтағын бүгін,
Жердегі аруақ, жеті қат көк Тəңір мені!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter