Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  135


Автор: Бақыт Беделханұлы

Бұл өмірде алдамас деп еш үміт...

Бұл өмірде алдамас деп еш үміт,
Жүрем ылғи уақытымнан кешігіп,
Жынды сумен сосын жынды боламын,
Сау өмірдің сандырағын кешіріп.
Басталғанда-ақ өмір атты сапарым,
Білгем, білгем қайтпас жолдың қаталын.
Сүргін жолда жүз ұмтылып, мың құлап,
Мың қайғының ортасында жатамын..?
Көз алдымда көкжиек көмкеріліп,
Табанымда жөңкіді жол төгіліп.
...Мені осындай бақытпен алдандырып,
Мені осындай уақытпен өртеді үміт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу