Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  203


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ау, байқұс құсым-ау, қанатың керіп...

Ау, байқұс құсым-ау, қанатың керіп,
жаймайсың,
Күндіз кеудемде, түнде төбемде
сайрайсың.
Шырылыңменен шыңытып алып,
жанымды
Қайғыңмен неге қайрайсың?!
Ау, байқұс құсым-ау, келеді кейде
маған да ой,
Ойсыз деймісің...Тəніңді емдеген
жаман ғой.
Бірақ, менің жаным ауырады.
Өмір, өмір ме – амал ғой?..
Жан емдейтіндерге барайын деймін,
Барсам, қайта алмай қалам ғой...
...Уай, бар дейсің бе,
Жоқ, əлде, қал дейсің бе?
Ессіз күніме ес болатындай ей, құсым,
шыр-шыр етесің... менің қамымды
жеймісің?!
...Тірімде қасымнан табылмағандар,
өлгенде басымнан табылар деймісің?..
...Е, жарайды, ол да боп қалар,
Оған дейін біреуі молда боп қалар....?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу