Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  162


Автор: Бақыт Беделханұлы

Маңдайымда тамырланған пешенем...

Маңдайымда тамырланған пешенем,
Сол тамырдың қанында от боп лаулағам.
Жалғыздықтың жанарынан кеше мен,
Ақын көрдім, шоқ үстінде аунаған...
Жалған барда жанған дүние өше ме,
Бақидың да оты барын ойға алам.
Ал пенделер абыр-сабыр көшеде,
Қасірет пен қайғы-мұңын тойлаған.
Бұл тағдыр ма, қаталдығы тым нəзік?
Ал, мен осы нəзіктіктен қорқамын.
Қорқынышым сенен басқа кімге азық,
Жын-перісі-ай, пəрəнжелі ортаның?!
...Тас маңдайда тамыр-тамыр пешенем,
Жүрегіме түсіп кетіп, ...лаулағам.
Жалғыздықтың жанарынан кеше мен,
Ақын көрдім, дəл өзімнен аумаған!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу