Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  315


Автор: Бақыт Беделханұлы

Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем...

Мен туғанда-ақ өлім жазасына кесілгем,
Есейе келе шығып кетіпті есімнен.
Жаным шырылдап, тəнім тұншығып
жатқанда
Есіме қайта сен салып едің, есіл-дем!
Мен туғанда-ақ нұрлы ауаға ніл сіңіп,
Түннің бетін өткен екен мұң сызып.
Содан, бəлкім, Айға қарап кей сəтте
Ұлып-ұлып қоятыным күрсініп.
Мен туғанда-ақ тарылып кеткен
құт-іргем.
Жазмыш солай ғой.. солай жазып
бітірген.
«Ең соңғы арман-тəтті!» дейді.
Амал не?..
Сəл ащылау, ең алғашқы үкімнен.
Ей, еңіреу күткен есіл-дем,
Мен туғанда-ақ, өлім жазасына кесілгем.
Меңіреу біткен мына дүниеде
Сен соны шығарып алмашы, есіңнен,
Жарайма?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу