Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  220


Автор: Бақыт Беделханұлы

Қарға тамырлы қазақпыз

Қарғаның жарық дүниесі-ай,
Айналасы түгел аппақ қар.
Алақұстың айтқан əңгімесі-ай,
Тақылдап тұрған тақпақтар.
Тақпақты қойшы, қарғаны айтам да
Қарға тамырлы қазақ-ау!
Əлде бір құстай зарламай таңға,
«Қарқ» еткен үні ғажап-ау.
Қайғы-мұңдардан қарлыққан даусы,
Қарсы айырылуға шақ қапты.
Ей, бұлбұлдарым-ау, даурықпаңдаршы,
Жаныма теліп шатпақты?!.
Шатпақтан шаттық мақтанам дейді,
Қап-қара қарға қарқ етіп,
Баласын тағы «аппағым» дейді,
Тас-түнегіңді тəрк етіп.
Аппақ əлемді оған ...Алласы берген,
Ал, ірімшікті (əлгі...) пендесі
Жалына тақтың жармасып өлген,
Көкесі,
қарғаны жазғыра көрмеші!
Қарға тамырлы қазақпыз ғой,
Үмітімді үшке бөлмеші!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу