Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
214
Тəңірінің болғанмен таңы абатты...
Тəңірінің болғанмен таңы абатты,
Əне, аспанды тағы да қара жапты.
Кеше менің арманым сол түнекті,
Қанатымен қақ жарып бара жатты.
Тəңірінің болғанмен таңы нұрлы,
Жалп еткізер жаныңдай жарығыңды.
Кеше менің арманым жарық еді
Жалп етті де... басты ғой, арынымды.
Тəңірінің болғанға таңы жарық,
Бар адамның кетпейді бағы жанып.
Тағдырыңа тас жаумай тасырқаған,
Отырғаның тал түсте тағы налып.
Жалған үміт, алдайды алға сүйреп -
Өзімді өзім қайтейін жарға сүйреп.
Аңызына ақылын сүйеп айтар,
Арамыздан барады шал да сиреп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter