Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  283


Автор: Бақыт Беделханұлы

Кешегі біздің ақ кимешек киген əжелер....

Кешегі біздің
ақ кимешек киген əжелер,
Ешкімнің ала жібін аттамаған ару-ды.
Ақылы қандай алымды,
Мінезі сондай сабырлы.
Сол ала жіпті аттамай-ақ,
Семірткен еді малың менен жаныңды...
Ал, бүгінгі
ақ балтыр біздің арулар,
Кесе ұсынып жатып кещеге;
...Сол ала жіп ала жылан боп кетсе де,
Жез темір байлап өкшеге,
Белінен басып өтсе де,..
Əй, өзгермейтін шығар ештеңе!?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу