Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  207


Автор: Бақыт Беделханұлы

...Кісі таңдап араласу – сəн болды...

...Кісі таңдап араласу – сəн болды,
Жоқтың жолы – кеседі деп, бар қолды.
Ол қырттарға өкпе де артпай наз да
артпай,
Тамашалап жүріп келем тар жолды.
Сол тар жолда жүре берем көңіл кең,
Жүрегім де кем емес еш төріңнен.
Өкінбеймін дəл осылай жүріп-ақ,
Өз еншімді адал алсам өмірден.
Байшыкеш пен бишікешті жағалап,
Бірін алдап, бірін арбап, паналап.
Бір пендең жүр тиын санап, тіл безеп,
Ақынмен дос болған күнін қаралап.
...Кісі таңдап араласу – сəн болды.
Сол арқылы найқалтам деп нəн жолды.
Олар түбі жұмақты да саудалар,
Сол арқылы кеңіте алса, тар көрді!..
Өз басынан асыра алмай тілегін,
Ақша іздеп жүр,.. біреу ұстап жүрегін.
Ал мен болсам, сол ақшаның орнына
Ақыл сұрар адам іздеп жүремін.
Адам іздеп жүре, жүре..,
Жүрермін..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу