Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
121
Жолайырық
...Қайда екенін кім біледі жайлы бақ?
Жатқан кезде төбемізден жай құлап,
«Жолдасыңнан жолда адасып қалдың»
деп,
Күн батқанда көтерілді ай жылап.
Жолайрықта «жақсы өмірден» жеріткен,
Ажал көргем аласұрып, деміккен.
...Ақындарын солай жақсы көреді ол,
Жартыкеш ай, жылап тұрсың неліктен?
Тағдырының таусылмай да сызығы,
Сарқылмай да сəн-салтанат қызығы?
Қыршын жасты қиып түседі екен ғой
Қыз-қыз қайнар ішіндегі қыжылы.
Ажалы емес, қыжылы кеп қиды оны.
Артта қалды сүйгені мен күйгені.
Артқан жүгі алашына аманат,
Ал, тағдыры тас-талқан боп күйреді.
Жүрген жері жар мен құздың шеті еді
Кеткен жері Кетпен таудың етегі.
...Жеткен жері кең пейіштің мекені.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter