Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
186
Ей, қиялымның қиып түсер сұңқары...
Ей, қиялымның қиып түсер сұңқары,
Алты құрлықты айналғанмен,
Аспандағы айды алғанмен,
Күн түбіне сайланғанмен,
Мойының талса, қайтесің?!
Ай, арманның арғымақ тұлпары,
Жел желігін қайтарғанмен,
Желе жортып шайқалғанмен,
Төрт аяғың тайпалғанмен,
Белің талса, қайтесің?!
Əй, Адам атаның ұрпағы,
Асыл рухқа толған денең,
Айнымастай болғанменен,
Жүрегі жақын көп жанменен
Айырылмастай болғанменен,
Көңілің қалса, қайтесің?!
...Қайткенде де қайран жоқ.
Қайлаң бар да қайрау жоқ.
Тарлау барда сүрлеу жоқ.
Зарлау барда сайрау жоқ.
Қылша мойын талша жоқ.
Қанатымды жайған боп,
Аяғымнан талғам жоқ.
Шоқырақтаған қайда жоқ,
Шоқтығымнан тайғам жоқ.
Өкінгеннен не пайда
Қысқа жіптей ғұмыр бар
Күрмеу түгіл, байлау жоқ?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter