Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
121
Қайыржамалға
Ақжарқынсың, ақ жүрегің көрінеді,
Ағайынға бауырың бөлінеді.
Өзім деген адамға барын беріп,
Ақтарылса көл-көсір төгіледі.
Ғажап жансың жүргенің дамыл таппай,
Тұра алмайсың үйіңнің шамын жақпай.
Емдеп жүрсің жүректің жылуымен,
Баекеңнің ауруын қалыңдатпай.
Алдыңнан күнің күліп жарқырасын,
Болсын бойда ізгілік нарқы басым.
Тағдырың түсірмесін көлеңкесін,
Кәусәрлі ақ бұлағың сарқылмасын.
Өмірді жатса да ұрлап талапайлап,
Жүргенің қандай жақсы ағатайлап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter