Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
119
![](/uploads/shorttexts/author_image/7e9ba8d5-1204-4269-aef9-633333a5bb45.jpg)
Келер күнге үміт бар
Солай, солай албырт көңілім желіктің,
Махаббаттың мазағына еріпсің.
Сені сүйер адамыңа кездеспей
Ойлашы өзің, құр қиялдай беріпсің.
Арманың ед сүйіктімен кездесу,
Арманың ед өмірмен бір белдесу.
Табалайды жылжып қана ай мен күн,
Сыйқырланып бұраңдайды жерде су.
Көктем шықты. Піскен қыздай ай туды.
Кім сүйеді, өмірден бос қайтуды?
Шешек жарып құлпырады қызыл гүл,
Қызыл гүлмен желең қағып май туды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇