Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
157
Теміртау
Жас ақынның шабытындай өрледің,
Қиял болып толқып тұр ғой көлдерің.
Сарыарқаның төсінде өскен жас қала
Сондай жақсы, мұндай қала көрмедім.
Кей үйлерің аспанға ұшып барады,
Кей үйлерің бізге аспаннан қарады.
Мұржалардан түтін бұлқып қалады,
Сол түтіннен қала ләзат алады.
Мен келемін үйлеріңді жағалап,
Көңілім жүр космосты аралап.
Көңілдегі бір ойымды, бір сәуле,
Келіп көріп кетсін деймін бағалап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter