Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  171


Автор: Ошақбай Суханберлин

Ұстазым - жырым

Білімнің алуан қырын,
Білмейтін біз бұрын,
Талабымызды баптап, ұстатқан қолға,
Ғылымның тылсым сырын,
Ұстазым – менің жырым.
Ұстазым – менің нұрым.
Жанымды түсінген аяулы ұстазым,
Менің де келеді өзіңе ұқсағым.
Арманға жетелеп, аспанға көтеріп,
Көк өрім шәкірттің кесетін тұсауын,
Ұстазым – менің жырым.
Ұстазым – менің нұрым.
Сіздей боп, қашан ұшамын?
Сіз үшін әрдайым, жаюлы құшағым.
Қанатым қатайып, алысқа кетсем де,
Биіксіз заңғардай мен үшін ұстазым,
Ұстазым – менің жырым.
Ұстазым – менің нұрым.
Тым бөлек емессіз басқа бір жандардай,
Әр күнің ұстазым арайлы таңдардай,
Жүрекке нұр құйып, бақытқа бөлеген,
Есімде қаларсыз биік бір армандай.
Ұстазым – менің жырым.
Ұстазым – менің нұрым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу