Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
164
Көктем кешінде
Маужырап тұрды табиғат
Сол күйі әлі есімде...
Құстар да сайрап тұрғандай,
Көктемнің жылы кешінде.
Жанымды келіп жандырып,
Шөлімді басып, қандырып,
Исіңді жұпар аңқыған,
Қалдырдың менің төсімде.
Жүрегімде сенің сол бейнең,
Ұмытып қалай кетермін?
Жанымды менің жайнатқан,
Сыйыңды қалай өтермін?
Махаббат – түпсіз сезімнің,
Құшағында жүрсең де,
Шегіне оның жетер кім?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter