Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  86


Автор: Ошақбай Суханберлин

Пендешілік

Шикілік бар күйеуіңде аздаған,
Асыра ішіп өліп қала жаздаған.
Қүдай сақтап бір ажалдан қалды әрең,
Ойлап көрші, бүл қасірет аз ба оған.
Шәлкем-шәлкем мінезі бар аздаған,
Сен болмасаң отқа түсе жаздаған.
Тәңірінің қүдіретін қарашы,
Сендей бақты бере сапты аз ба оған.
Ата-баба дәстүрлерін жалғаған,
Өнер іздеп еркек қайда бармаған.
Үй күшік боп отырғаннан не пайда,
Бір мамандық жағдай барда алмаған.
Ар-намыспен келешекті жалғаған,
Шаңырағын ойламайтын бар ма адам.
Күн өткізген еркегіңнен не пайда,
Өзін-өзі, өзгені де алдаған.
От басының берекесін кетіріп,
Күйеуің жүр арақ десе көпіріп.
Оның сол бір осалдығын жасырып,
Күлгенсисің бер жағыңнан өтірік.
Ақыл айту артығырақ мүндайда,
Бірде, бірақ, төбеден қүдай үрмай ма?!
Есі кіріп намысты үрпақ өскенде,
Әкесі үшін үят қысып түрмай ма?!
Күйеуіңде шикілік бар аздаған,
«Ішкен» күні өліп қала жаздаған.
Өрге-төрге сүйрейтүғын жігерлі,
Бір еркекті қалай қүдай жазбаған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу