Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
126
Наша деген пәлеге
Жаратқанға бағынбау,
Не болған саған жаным-ау?
Ойыңа кіріп, шықпайды,
Қор қылып жүрсің бағыңды-ау.
Сүраймын сенен жалынып,
Тағдырға мынау бағынып.
Наша деген пәлеге,
Кетпеші қалқам, салынып.
Болсадағы қанша алып,
Талайлар саған жан салып,
Көргісі келіп көркіңді,
Жүретін еді тамсанып.
Көрген адам күрсінбей,
Өтпейтін саған сүйсінбей.
Жүре алмайсың сен бүгін,
Көрінгенге исінбей.
Бір күні ауру жүқтырып,
Кетерсің қалқам, бүгіліп.
Кездейсоқ жанмен кездесіп,
Түсерсің баудай үзіліп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter