Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
140

Ананың ақ тілегі
Қос құлыным, қос жанарым, қос бағым,
Осы күн ғой бір Алладан тосқаным.
Бір арманым орындалып, бұл күні,
Қуануда ағайын-жұрт, достарың.
Жүрдім тосып осы күнді сағына,
Сыңарың да қонды ботам, бағыңа.
Үй болыңдар, бақыт отын қыздырып,
Қыдыр келіп, бақпен бірге жаныңа.
Бір құлыным екеу болды жарасқан,
Тілегімді қабыл етті Жаратқан.
Бір-біріңе сүйеніш боп жүріңдер,
Қос аққудай бір-біріне қарасқан.
Сезініңдер берекенің, құт барын,
Әрі қылсын «тіл-көз» деген «сұқтарын»!
Ақ тілегім – ақ жүректен айтатын:
Мәңгі бақи бөлінбесін жұптарың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇