Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  115


Автор: Ошақбай Суханберлин

Сол қарттың бір қуанышы

“Ауыл жылы” келді де,
Үміт отын берді де,
Қуаныштан сезбеді,
Самайдан аққан терді де.
Сүртіп тастап самайын,
Бір көріп ап маңайын,
Қайтайын да ағайын,
Үйдің отын жағайын.
Сөйтіп қартың қайтпақшы,
Сағынып қапты сай, тасты.
Ауылға барып шалдарға,
Қаладан аңыз айтпақшы.
Р.S.
Орындалып талай істер қарымды,
Тұрмыстағы қиындықтар алынды.
Елбасының Жолдауында ендігі
Дамытатын кезек келді ауылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу