Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
177
Сыңсиды боран сығанның скрипкасындай...
Сыңсиды боран сығанның скрипкасындай,
Сүйкімді бикеш, жан сырыңды айтшы
жасырмай?
Қысылам неге,
Көңілің мені жөн көрсе?
Көп керек маған,
Керексіз және көп нәрсе...
Арамыз алыс,
Арамыз біздің – көк пен жер,
Сен уыздайсың,
Мен бастан бәрін өткергем.
Жас жанға – бақыт,
Ал менің еншім – естелік,
Ақмамық қысты қалайды жаным хош көріп.
Боранды сүйем,
Мен емес ерке-шолжаңың,
Сен күлген сайын шаншиды сыздап
сол жағым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter