Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
186
Уақытты кім бағалады?
Айтыңдаршы уақытты кім бағалады,
Кейбіреуі уақыт аз деп табалады.
Қанша ғұмыр сүрсеңдағы бұл жалғанда,
Әр бір күнің сол уақытпен саналады.
Намаз оқы қылма ысырап сол уақытты,
Сонда сенің барлық күнаң тазарады.
Айтар болсам бір жайды күнделікті,
Тілім неге соншалықты күрмеліп тұр.
Алланың құдыреті неткен шексіз,
Одан басқа уақытымды кім көріп тұр.
Ең бастысы аман болсын анашым,
Мейірімінен бар бақытты табасың.
Қандай дертке тап болсаңда бірінші,
Алла емдер жүрегіңнің жарасын.
Мен үшін ана қымбат жанымнан,
Ананы биік қоям арымнан.
Айналайын деген алтын дауысын,
Аңсап күнде сағынам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter