Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
138
Тұрсынғазы Рахимов
Қайдасыз?
Әніңізді енді кімге арнайсыз.
Домбыраның құлағында ойнап бір,
Өкінішті еш жиынға бармайсыз.
Кім білед?
Кеттің тастап халық жанын тілгілеп.
Бірге жүріп бауыр басқан домбыраң,
Өзіңді іздеп жылап қалды күмбірлеп.
Тағдырың,
Көрсетті ғой бұл дүниенің тарлығын.
Кеткендейсің халқыңменен қоштасып,
Қолыңа ұстап бір Алланың жарлығын.
Қайдасың?
Бүгін құстар сізді жоқтап сайрасын.
Тәңіріме дұға қылдым жұмақтың,
Төріне отырсын деп жайғасып.
Домбыраң,
Қара орманды шертіп бүгін тондырад.
Амал нешік жоқ қой енді амалсыз,
Сіз қайтатын о,дүниеде жол бірақ.
Самғадың,
Бұлтты жарып,басқа әлемді шарладың.
Екі көзден жасым парлап сағынып,
Жырларымды өзіңізге арнадым.
Жатқан жерің жайлы болып жан аға,
Мейіріміне бөленіңіз Алланың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter