Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  130


Автор: Ерлан Рымбек

Әйел заты

Әйел затын біздер ұалай бағалаймыз,
Қатты-қатты сқйлесе табалаймыз.
Езуінен күлкі көрсек болғаны,
Күн сәулесін көргендей жағалаймыз.
Әйел заты әлемнің бой тұмары,
Бой тұмардан жыр болып ой туады.
Дүниеген қыз келсе ел жұртына,
Ата-анасы қуанып той қылады.
Әйел затын солмайтын жердегі жыр гүл дейміз,
Әйел сөнбейтін көктегі нұр күн дейміз.
Сол гүлдердің қадірін, кейде біздер түсінбей,
Түп тамырын еркектер, еркектер-ау білмейміз.
Әйел заты ұлтымыздың қаймағы,
Әлия мен Мәншүктер ол айғағы.
Сабира мен Ләззаттардың арқасы,
Көтерген еліміздің байрағы.
Әйел заты қырдық қырық шырағы,
Әр ақынның жазып өтер жәр-әні.
Сол шырақтың бір шоғы сөніп кетсе,
Оған мына, біз еркектер кінәлі.
Әйел затты отбасының бақытты,
Әр асылдың сынығымен жақұты.
Таусылмасын мейірімі ешқашан,
Аналардың уызындай сарқыты.
Әйел заты арайлап атқан ақ таңым,
Ақ таңымда қонғандаймын баққа мың.
Әр ананаң тілегін тұмар етіп ән қылып,
Жүрегімде осы жырды сақтадым.
Әйел заты әр баланың жүрегі,
Жүрегінде талай сәби түнеді.
Айта берем, айта берем қайталап,
Әйел затын мақтанышпен үнемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу