Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
161
Сені көрмей өтсемде,хор қызындай елессің...
Сені көрмей өтсемде,хор қызындай елессің,
Елесімді еш бір жанға сый етіпте бермеспін.
Түн жамылып өзіңмен,махаббатқа бөленіп,
Шабытымды арқалап жырларыммен тілдестім.
Мына жалған бес күнде бір бақытқа шөлдедім,
Өміріңе көз салсам күнім сенде шөлдепсің.
Сезіміңді оятып,ғашық болып көрмесең
Сонда кіммен бақытты мәңгі өмір сүрмексің.
Әр бір тағдыр тармағына сене берсең,
Қиындықты қайтіп онда жеңбексің
Өткен күнмен жүре берсең егерде,
Жүрегіңе қайтіп жаным сенбексің
Сағынатын адамың болмаса егер,
Түңгі ұйқыңды сонда кімге бөлмексің.
Ал мен болсам өзіңе байланғандай,
Жыр ауылын өзіңменен бір кештім.
Сенің сұлу жанарыңнан айырылсам.
Басқа жанды түсімде де көрмеспін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter