Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  141


Автор: Ерлан Рымбек

Не тілесем екен бауырым...

Не тілесем екен бауырым,
Құтты болсын аруың.
Қабыл алсын тілекті,
Жүрек атты қауымың.
Біріншісі: Жүректе болса бір бөлігі бақыттың,
Шуағы ғой таусылмас ол жарықтың.
Екіншісі:ата-анаң аяулы,
Үшіншісі ырыздығы халықтың.
Төртіншісі:бойыңдағы адалдық,
Адалдықты жауламасын надандық.
Бесіншісі:еңбегіңнің жемісі,
Сол жемісті көру үшін жаралдық.
Алтыншысы:сыр бөлісер достарың,
Достарыңмен мерейленсін жас-жаның.
Жетіншісі:абыройың беделді,
Туыстардың басын өзің қосқаның.
Сегізінші шаңырағың баянды,
Алдарыңа ақ тілекті жаямды.
Тоғызыншы бала сүйіп мәпелеп,
Жан-ұяға деген сезім оянды.
Оныншы осы айтқанның бәріде
Бақыт болып жүрегіңнен бой алды..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу