Өлеңдер ✍️
Семейім
Піссімміллә деп сөз бастап,
Жырымды өріп көрейін.
Аманбысың қарттарым,
Аманбысың Семейім.
Домбырамды қолға алып,
Әнімді балдай төгейін.
Жапырақтай жаныңды,
Мейірімге бөлейін.
Таласып алтын уақытпен,
Мұңымды айтып берейін.
Ақихатқа бел бусам,
Жыртылмас одан көмейім,
Жүрегім егер шоқтанса,
Сен үшін жанып-сөнейін.
Айтарым ақыл жастарға,
Батысқа ерсе демеймін.
Салтымызды,дәстүрді,
Қорғайтұғын желбеймін.
Ар-ұятыңнан айырлсаң,
Қайтып сені жебейін.
Намысыңды жоғалтып,
Не істеп жүрсің өренім.
Шайтанның басар жері ғой,
Сырахана дегенің.
Қыздарың жүр ойран сап,
Болашақ ана дегенім.
Шылым шегіп балаңа,
Осыма тәлім бергенің.
Сенен туған балаға,
Қайтіп енді сенейін.
Сәнге айналып барады-ау,
Ажырасу дегенің.
Қызын ал деп айтушы ед,
Тегін көрде енеңнің,
Бір күндік нәпсің,ләззатың,
Болғаныма ермегің.
Ұлтымызды улаған,
Өзге елге не дейін.
Ақылыңа кел дейін.
Жақсыңды естіп өлейін.
Нәр алып өскен жас-ұрпақ,
Шаттығыңды көрейін.
Ошағыңды сөндірме,
Қасиетті Семейім.
Тар жол тайғақ кештім мен,
Азабын тартып бес күннен.
Есірткеге құмартып,
Ұлдарың жүр ес білген.
Одан қалса құмар боп,
Шарапқада дес берген.
Айтпаса екен басқа жұрт,
Жаралған деп тексізден.
Тартпаса екен азабын,
Осы жалған бес күннен.
Таңғы азанын Мешіттің,
Қашасыңдар естуден.
Жөн сұрасам бірінен,
Заманыңыз ескірген,
Деп сөгеді міз бақпай,
Жауап беріп сесті үнмен.
Қандай ауыр десеңші,
Ерте жылап кеш күлген.
Мен сұраған емеспін,
Ар-ұятты ешкімнен.
Әкем талай санама,
Адам бол деп жеткізген.
Бойға нәр боп таралған,
Ана ақ сүті деп білем.
Ең бастысы Алланың,
Ақ жолында өстім мен.
Адам боп келдім,адам боп өту парызым,
Барма,жоқпа білмеймін,дін,діліме қарызым.
Менде өзіңдей халықпын,қарапайым күн кешкен,
Айтып өлтір бар болса маған деген арызың.
Бәрімізде пендеміз қателесіп жатамыз.
Басым міне алыңдар,болса егер жазығым.
Өз елімде ел болып айта алмасам жайыңды,
Қайда барып орнатам аһиқаттың қазығын.
Жүр ғой қанша бауырлар өз жерінде панасыз,
Ит боп үріп келген жоқ,Отанына шарасыз,
Үміт күтіп сіздерден,мұңын шағып,үн қатса,
Болады үй деп арызды алдап жылы жабасыз,
Ата-жұртым деп келген ақ сақалды қарттарға,
Шақырғам жоқ сені деп,мінсіз кіна тағасыз.
Кейде ойлап қалады патша көңіл ашынып,
Мына әкімгер өмірге,келген бе деп анасыз.
Бір министр інісі,ауылда жүр әкім боп,
Бір министр ағасы,жүр халыққа батыр боп,
Милион доллар болса егер,бір жасаған тойлары,
Ел тірлігін ойлайтын бұл заманда әкім жоқ.
Адам жаны бір үйдің,құнынада тұрмады.
Қашан көрем халықтың көздерінен жарқынды от.
Қолым,көзім байлаулы,және қызыл тілімде,
Халық мұңын жеткізер,әттең менде қарқын жоқ.
Іш тарлықтан жазғам жоқ,жаман ойлап қалмаңыз,
Ел тағдырын ойлаймын саясатта қақым жоқ.
Намазыма жығылып,тізе бүгіп Алладан,
Болса екен деп тіледім,елім-жұртым халқым тоқ.
Айтар болсам тіл жайын,олда ақсап жатқаны,
Өзге тілмен жардыңдар көңілімнің шақпағын.
Тәуелсіздік алдым деп жүргенімді қайтейін,
Жиырма жылды өткердік жүрміз біздер артта әлі.
Өз тіліне бой бермей,бүлдіршіндер жүр бүгін,
Бататыны жаныма тіл азабын тартқаны.
Ата-анасы ойланбай,сөйлесе егер жат тілде,
Өз Отанын менсінбей,аш бөрідей қапқаны.
Бізге қарап күліп жүр,сыртымыздан өзге ұлт,
Мұның қалай қазағым,тіл,дініңді сатқаның,
деп өзіме күні-түн ауыр салмақ түсіріп,
Өзге тілден таяқ жеп,ұйықтай алмай жатқаным.
Артық айтсам айыпқа бұйырмаңыз қазағым,
Бататыны жаныма дінге күйе жаққаның
Дінім менің,тілім деп,жан айқайын көрсетер,
Қайда біздің баяғы,ақыл айтар қарттарым.
Ақылыңды қариялар жатсынбаймын,
Жүздеріңнен күлкі оты жансын лайым.
Ең бастысы қазақ деген қанымды,
Еш бір жанға,өзге елге,бастырмаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter