Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  94


Автор: Ерлан Рымбек

Аласымды алмасамда өмірден...

Аласымды алмасамда өмірден,
Өкпе артып назданбаймын тегі мен.
Сөгу үшін келгенім жоқ сендерді,
Орын алып бермесеңде төріңнен.
Бар білерім алдарыңда ел-жұртым,
Өлшенбейді қадірім күш шеніммен.
Осы өмірдің өзінен сабақ алдым,
Дала қарт домбыраның шегінен.
Ауылымнан бір адам келе қалса,
Құшақ жайып қарсы аламын кеңінен
Адамдар бар не түрлі кінә тағып,
Сыртымнан көр тышқандай кемірген.
Бір Аллаға аян ғой тағдырымның,
Тараулары тұрары қанша бөлімнен.
Ең бастысы Тәңіріме табынып,
Ақ батасын алсам деп ем елімнен.
Тілегіңе орын алып қояйын,
Жыр жазылған жүрегімнің төрінен.
Оңашада ой буып,өлең өріп,
Қараймын өздеріңе сеніммен.
Ал әзірше топ жазбастан келемін,
Адасып қалмау үшін тегімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу