Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  159


Автор: Ерлан Рымбек

Мен Алланың құлымын

Мен Алланың құлымын,
Құлымын алтын уақыттың.
Көрем бе екен қызығын,
Бұл жалғанда бақыттың.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын ғашық сезімнің,
Бақыт кешкен ғұмырым,
Мен үшін кейде өзі мұң.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын ой санамның.
Тәңірдің жарық хақ нұрын,
Көру үшін жаралдым.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын ауыр ажалдың.
Жалғанда сөніп ғұмырым,
Таусылар бір күн базарым.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын және шабыттың.
Санама сінген бір ұғым,
Рахымын алсам халықтың.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын және өмірдің.
Хақ Ислам Дінінің,
Жырын ексін көңілім.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын жігер намыстың.
Шарап құмар жандармен,
Азбаңдар деп алыстым.
Уақытынан аспайтын,
Болдым құлы жазмыштың.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын атқан таңымың.
Көрмесем екен сынығын,
Басымдағы бағымның.
Жетпес бірақ құзырым,
Құдіретіне тәңірдің.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын жұмбақ тірліктің.
Тірлікте мыңмен күресіп,
Бұл жалғанда кімді ұттым.
Бар білерім Алланың,
Құзырына құлдықпын.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын қағаз,қаламның.
Бойдағы ана жылуын,
Жүрегіме жазармын.
Өйткені асыл анамның,
Ақ сүтінен нәр алдым.
Ақ жаулығын пір тұтып,
Кір көңілден тазардым.
Жұмақ кілті табанының,
Астында жатыр анамның.
Мұхамметтің үмбетін,
Ой түбінен қазармын.
Иманға бекем бел бусам,
Мейіріміне қанармын.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын уайым,қайғының.
Бес күндік тар ғұмырдың,
Бір минуты байлығым.
Сол бес күнде жәннаттың,
Жүзіп өтсем айдынын.
Мен Алланың құлымын,
Құлымын ет жүректің.
Орындаймын құранмен,
Пайғамбардың үмбетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу