Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  649


Автор: Ерлан Рымбек

Досым Асхатқа

Достық деген үзілмейтін үміт қой,
Достық сезім қадірімен тұнық қой.
Қуанышпен,қайғыңды бөлісетін
Ең жақын адамың ол біліп қой.
Достым Асхат сендей досты таппадым,
Атсын әр кез арайланып ақ таның.
Қиын сәтте өзің болдың медеуім,
Сол достықты жүрегіңде сақтағын.
Сендей достар мен үшін де сирек қой,
Домбыраңды қане тағы күйлеп қой.
Сары бидай әнін үзбей шырқап бір,
Дос жүрегін тербеп қой.
Жан-ұяңа тілейтінім мың бақыт,
Көрейінші жыр жолымен тіл қатып.
Гүлмира екеуіңе айтарым,
Бақтарыңды алмаңдаршы ұрлатып!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу