Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  154


Автор: Ерлан Рымбек

Қайта айналып келмес, сірә, сүйіктім...

Қайта айналып келмес, сірә, сүйіктім,
Өткен күндер шуақтансын күліп тым.
Не де болса көрейік үміттеніп,
Жарасы да жазылмай ма күйіктің?
Еркелеген лағындай сен киіктің
Қарайсың-ау жанарыңнан күліп күн.
Жүрегімнен таза шыққан жырымды
Бір өзіңе гүл етіп мен үйіппін.
Мен ғашықпын оттай жанып, сүйіктім,
Ыстығына кеткендеймін күйіп тым.
Сенің қызыл шиедейін ерніңе,
Бір сүйгеннен ұмыта алмай, құнықтым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу