Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  116


Автор: Ерлан Рымбек

Серікқали Сұлтанұлына

Жүзіңізден жомарттықты көремін,
Сөзіңізден асыл жырлар өремін.
Ісіңіз көп ғұмырыңнан көлемді,
Сондықтан да таусылмайды сізге деген өлеңім.
Тұлғаңызға жарасыпты парасат бақ,
Жырларымды әкетердей болашақ ап.
Дәрігерлік парызым деп сіз емдепсіз
Науқастанған талай жанды аман сақтап.
Туыс десе ауырады жүрегіңіз,
Балдыз емес, іні болдық, білеміз біз.
Жезде десек жақтырмайды көңіліңіз,
Сондықтан да сізді аға деп жүреміз біз.
Көңіліңіз жүрсін мәңгі шуақтанып,
Мен отырмын сізге өлеңмен сыр ақтарып.
Мына жұмбақ өмірдің биігінен
Жүрмеңізші абайсызда құлап қалып.
Қабағыңнан бір көрмедік көлеңке,
Естімедім айтқандарын ел өкпе.
Гүлдендіру үшін мына ортаны,
Бәлкім, сіздің бір сөзіңіз керек пе?
Анда-санда үйіңізге келіп тұрам,
Сәлемімді өзіңізге беріп тұрам.
Сізді көрсем болғаны шабыт қонып,
Жүрегімді тербейді келіп бір ән.
Алған сайын алдыңа немерені,
Әрқайсыын бөліп-жарып кем демедің.
Олар жерде ойнақтап дөңгелесе,
Сіз де доп боп шырмалып дөңгеледің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу