Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
203
Қимай кетіп барамын
Айлы түнде жұлдыз қалқып барады,
Көз алдымда мың өшіп, мың жанады.
Төскейіне ақ моншақтай шашылып,
Нұрын шашып жадыратты даланы.
Көріспейміз енді, мүлде қоштастық,
Жүрегіме кеттің, жаным, шоқ басып.
Басқан ізің - әлемнің гүл шаһары,
Құс жолында жатыр ізің баттасып.
Өшіре алмас ешбір жан ол шырақты,
Жүрегімнен көз жасым боп жыр ақты.
Қалайша мен қоштаспақпын өзіңмен,
Жанды билер жырым да өзің сияқты.
Қайырмасы:
Қимай кетіп барамын
Бір өзіңді арманым
Бір өзіңді қимай кетіп барамын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter