Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
166
Ауылым-алтын бесігім
Сағынышым, туған жерім, аңсағаным,
Топырағыңды бір иіскесем тамсанамын.
Таразылы тіршіліктің шаң жолында
Жазда жаңбыр, қыстың күні қарша ағамын.
Аманбысың, ауылым, Ақбұлағым,
Жайқалып тұр ма жасыл жапырағың?
Қыр белінде күлімдеген табиғатым,
Қандай ыстық жанға шипа атырабың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter