Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
121
Қиял
Қиял деген - жыл құсы жеткізбейтін көктегі,
Қиял деген – іштегі жанып тұрған өрт пе еді?
Қанша өрт боп өзегімді қауласаң да, о, қиял,
Қинамашы жанымды, қинамашы тек мені.
Қиял деген – сезім екен мазалаған жаныңды,
Қиял деген – көзің екен ғашық қылған жарыңды.
Қанша ғашық қылсаң да, асау жүйрік, о, қиял,
Қинамашы дерт болып, қаяулатып жанымды.
Қиял деген – гүл екен құшағыңа сыймайтын,
Қиял деген – жыр екен еліңе нұр сыйлайтын.
Қиял – менің өлеңім, балғын және өмірім,
Қиял – менің арманым ешбір жанға қимайтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter