Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
184
Сөнбес махаббат
Сенің сұлу бейнеңді сүйдім, жаным,
Бір өзіңе басымды идім, жаным.
Сезімнің отын мәңгі жандырам деп
Махаббаттың отына күйдім, жаным.
Енді сөнбес саған деген махаббатым,
Күндерім бар ма сенен хат алатын?
Бір өзіңе арнаған ән мен жырдың
Шумақтары “Махаббат” деп аталатын.
Бір көрмесем жүрегім тұншығады,
Алаң етіп көңілдің тыншын алды.
Осы ма махаббат сөнбейтұғын,
Осы ма сүю деген тылсым жалын?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter