Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
160
Көкпар
Көкпар деген лақ тарту,
Серке тарқан бір кезде.
Бабалардың сол салты
Жетіпті осы күндерге.
Көкпарға той иесі,
Ешкі малын береді.
Өйткені ешкі терісі
Өте мықты келеді.
Бұл ойынды ертеде
«Көк пері» деп тартыпты.
«Көк періні» бертінде
Сәл өзгертіп айтыпты.
Шындығында бұл ойын –
«Жын-перінің» ойыны.
Түсер ердің дүлейі
Жынға толы қойыны.
Түскен кезде додаға,
Ат мықтысы сыналар.
Түскен кезде додаға,
Ер мықтысы тұра алар.
Көкпар тынбай тартылар
Ауылдардан – ауылға.
Аты мықты шарқ ұрар,
Аңыз болып қауымға.
Көкпардың көп тәсілі –
Айта берсең таусылмас.
Бұл сайыстан, әсілі,
Ешбір қызық артылмас.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter