Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
204
Бәйге
«Салтын білмес» атанба,
Жүрсін сенің ойыңда –
Ат шабады қашанда
Қазақтың ас-тойында.
Жарыстың да бірақта
Үлкені бар, шағыны.
Жеткен пәлен жүз атқа,
Аламандар бар ұлы.
«Бәйге» деген бір сөзге
Үш мағына сияды.
«Бәйге болды» десе егер,
Ат жарысқа саяды.
Озып келген өренді
«Бәйге ат» дейді тағы да.
Нағыз жүйрік ол енді,
Жаралған ел бағына.
«Келген аттың бәйгесі» –
Жүйріктің жүлдесі.
Жүлделердің әмбесі –
Қазынаның көмбесі...
«Бәйге» сөзін жаттап ал,
Сен де аларсың жүлдені.
Бәйгелі боп шаттанар,
Басқан бала ілгері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter