Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
110
Жыршы жырын айта ма толғамастан...
Жыршы жырын айта ма толғамастан,
Барамын деп бір жерге...
Болмады ақшам.
Жаңбырын да сыйлап тұр, қарын-дағы,
Желтоқсаңды жартылап қалған аспан.
Қой, жатайын.
Бір кітап жастанайын,
Әлде тірлік қылсам ба басқадайын.
Барар жерге барармын барар болсам
Күн ашықта...
Болғанда ақша дайын.
Шіркін қиял, ой кезді,
Қырға аунады
Жүрегімді шым-шымдап мұң баурады.
Сұр аспанға қараймын –
Қалай болды,
Қыстың күні жаңбырдың бұл жауғаны?
Мен де мынау...
Жүремін неге асыға,
Сәуле түспес жан ба едім санасына?
Мезгілсізден мезгілсіз неге жүрем,
Қыдырудың, жоқ әлде, жөні осы ма?
Рахат бірақ достарға беріп ішкен,
Емен-жарқын сыр айтып, емініскен...
Жаздың күні тек қана кар жаумасын,
Зар жаумасын көңілге дедім іштен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter