Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  118


Автор: Әбубәкір Қайран

Жанарынан жылы шуақ шашырап...

Жанарынан жылы шуақ шашырап,
Күңіренткен күрсінісін қасына ап,
Жүргендер бар жүк көтеріп ап-ауыр,
Бір сезіммен өзін-өзі асырап.
Ол біреуге бұлдамайды тірлігін,
Өзіне айтар күйінішін, кірбіңін.
Біреулердей бітпес мұңын зар етпес,
Болашақты болжамайды күн бүрын.
Мият тұтып мына әлемді, Күн, Айды,
Түннен – тыныс, күннен – жұмыс сұрайды.
Оның осы тірлігінің сұлбасын –
Саулық, достық, бейбітшілік құрайды.
Ол да пенде – күйініші жетерлік,
Бір тулағым болса дейді төсерлік.
Санасында оқ өтпейтін сауыт жоқ,
Сан тиіседі сайқалдық ден мекерлік,
Ол келеді оқтың бірін дарытпай,
Адамдардың мінез-құлқын әлі ұқпай.
Ұғып түрып, ұқпағансып, көмеді,
Қара ойларды суық қара табыттай.
От пен оқтың ортасымен бораған,
Келе жатыр әлі тірі сол адам.
Ақбөкендей аз ғана осы жандарды,
Аулақ қылсын топырақтан, моладан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу