Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  144


Автор: Әбубәкір Қайран

Ай бозарған түсіндей боп қаны аздың...

Ай бозарған түсіндей боп қаны аздың...
Мен осындай түндерменен аразбын.
Былдырынан быт-шыт ойым баламның,
Сыбдырынан селт етпеймін қағаздың.
Ой дейтүғын ойым да жоқ,
Аспаңдай,
Бір кеңістік менен ұзап қашқандай.
Шіркін, шіркін, шылым – ойдың сүзгісін,
Шайнап-шайнап, бір түкірер бас қандай!
Түнгі аяздай түртіп мені, шымшылап,
Шытқыл жүйке шытынайды құн сұрап.
Күшік-мүңның бірін қуып тастап ем,
Тағы бірі тұрып алды қыңсылап.
Бітпес шаруа бүйрегімнен бір түйіп,
Жалмауыздай елестейді жыртиып.
Күйге енемін күйген үйдің орнындай,
Иленемін...
Ит мінгендей итиіп.
Ай бозарған түсіндей боп қаны аздың...
Мен осындай түндермен шын аразбын.
Маған айдың жарық кезі ұнайды,
Маңдайындай кере қарыс сабаздың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу