Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2022
127
Жалғандық жайласа ...
Жалғандық жайласа
жарық дүние қалай жалған болмайды?
Ақсақты тыңдай ғып,
өтірікті шындай ғып суайттар келеді су жұқпас,
шетінен сұңғыла, жымысқы, қутыкеш, қылжақпас.
Өтірік өңмеңдеп өрге озып, орын ап төріңнен,
ел қамын ойлаған ақылман даңғыл боп көрінген.
Сәуледей бозамық көзіңе көрінер-көрінбес,
Шындық жүр шырылдап, бар-жоғын
ешкім де сезінбес.
Есіктің жақтауы қысып қап, қанша рет шыңғырды,
ешкім де естіген жоқ оны, күрсініп қынжылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter