Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  148


Автор: Сəбит Бексейіт

Әлемнің кереметі

Бiле бiлсең, түк емес жорға мiнген,
бiле бiлсең, түк емес "Волга" мiнген.
Менiң үшiн Әлемнiң кереметi –
түспей жүрген кiтаптар қолға мүлдем!
Көк теңiздiң көргем жоқ кең кемерiн,
мен көрмесем, достым-ау, сен не көрдiң?
Әлди-әлди әндей бiр алыстағы –
"Әлде-әлде" кiтабы Кьеркегордiң.
Жеттi әйтеуiр Джойстың "Улиссi" асыл,
Көрдiм орыс тiлiнде гүл қиссасын.
Арабшасын жырғауда Мысыр елi,
ендi бiр күн көремiз зұлысшасын.
Кiтап сүю дертi де жұқпалы ма,
бола ма осал Пушкиндi ұққан ұлан?
О, кiтаптар – Әлемнiң кереметi,
сендер менiң қолыма түспейсiңдер,
мен сендердiң түспеймiн ықпалыңа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу