Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  143


Автор: Сəбит Бексейіт

Телефон № 25-37-49

… терiп алдым аңдамай
25-тi,
осылайша
Жырдәурен зырлап өттi.
Жиырма бестi келмейтiн қайта айналып,
Ерсерiдей берiле жырлап өстiм.
/Мүшел жастар тiзбегiн байқамаппын/.
37.
Термедiм. Ойға баттым.
Пушкин жасы.
Мұзарт шың Ғұмыржетпес!
Өрiне өрлер құз-жартас тайғанақ тым.
Менi өтiрiк жұбатпа, көңiлшек үн,
Маған тiреу бола алмас темiр-сенiм.
Өлең шегi, жыр шегi болғаннан соң,
Отыз жетi болады өмiр шегi!
Үлкенге iзет көрсетер кiсi едiм мен,
Тура он төрт жас ағадан кiшi едiм мен.
Телефонның құлағын тастай салдым…
/Құттықтамақ болып ем мүшелiмен/.
49-ға
жеткеннен түседi не,
қалғам, шүкiр, аман-сау жүз өлiмнен?!
Мерт болып-ақ кетейiн, сол кiсiше
өлең құрап жүргенше күшенумен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу