Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  125


Автор: Сəбит Бексейіт

Аза жыры

Тұрғыт Өзалды Алланың өзi алды,
оқыста үзiлдi, тұмантып көз алды.
Ал бiздi кiм алмақ: бiр кәззап, бiр жәллап,
жүремiз тiрi бiз әуе алмап, жер жалмап…
Өз ағам өлгенде жүрегiм қозғалды,
Тәңiр-ай, кiм көрдi жазмыштан озғанды?
Жаратқан, әрине, жақсыны алады,
жалғанда һәманда жамандар қалады.
Құт көкем кеткенде көңiлiм күрт түстi,
түсiне алмадым тылсымды үрдiстi.
Улатып, шулатып түркiнiң ұл-қызын,
ақты да кеттi ғой бiртуар жұлдызы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу