Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  140


Автор: Сəбит Бексейіт

Сонар

Жыр-зәмзамға,
Жыр-нәрге,
Жыр-шырынға
Күн шығын ба жұмсаған,
Жыл шығын ба?..
Бұйырғанға қалай бұл ұзақ ғұмыр,
Қиылғанға қалай бұл қыршынында?
Масыл тiрлiк күйттейдi қара шыбын,
Iздемейдi жан мен тән жарасымын.
Күнi-түнi шақ ұрған асыл iздеп,
Мен – поэзияның бал арасымын!
Нәрлi сөздi жинаймын омартама,
Шашып та алам, болған соң жомарт ара.
Сонарым бар өзге емес, өзiм салған,
Қалмаспын деп сенемiн жол ортада…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу