Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  129


Автор: Сəбит Бексейіт

Мен жазбаған жұмбақ жыр түн сырында...

Мен жазбаған жұмбақ жыр түн сырында,
Мынау Әлем, Табиғат тылсымында.
Жаһанның жүрсең де бір бөлшегi боп,
Жалғыздықтан туады жыр шынында…
О, Айым, сенiң бейнең әлi де әсем,
Тура болар түнгi аспан әрi десем.
Мен туған ақпан айдың ғаламшары,
Ұйқымды аша бермесең, танымас ем.
Тагор да ояу бұл түнi, Уитмен де…
Жатыр ғой тек ұйықтап ұйып пенде.
Мұндай ғажап түнде мен тiлдесемiн
Ойы терең,
Өресi биiктермен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу